Алматы облысында ер адамды 12 рет пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

0
244

Ер адам екіншісін 12 рет пышақтаған, салдарынан 1995 жылы туған жігіт қайтыс болды.


Алматы облысында ер адамды 12 рет пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Есік қаласында аса қатігездікпен адам өлтіру фактісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желіде 4 шілде күні Есіктегі жанармай құю бекетінің маңында екі жігіт сөзге келіп, оның аяғы адам өліміне әкелгені жайында ақпарат тарады. Ер адам екіншісін 12 рет пышақтаған, салдарынан 1995 жылы туған жігіт қайтыс болды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.