Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр

0
49

Бекбергенова Әсем Мұратқызы, 1984 жылы туған.


Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр

instagram/volontery_lider.kz_almobl

ERNUR.KZ. Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Оған қатысты ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Бекбергенова Әсем Мұратқызы, 1984 жылы туған. Ол 3 қазанда Іле ауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.

Белгілері: бойы 160–165 см, дене бітімі орташа, шашы иығынан төмен, көзі қоңыр.

Киімі: ақ хиджаб, қара күртеше, қара шалбар, ақ аяқкиімде.