Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды

0
491

Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар.


Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды. Жантүршігерлік жағдай «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

«19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында жол көлік апаты болды. Байсейіт ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.