Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды

0
1 609

Оқиға 2 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында болған еді. Жергілікті тұрғын мас күйде үйге қайтып бара жатқан төрт оқушыны қағып кетті.


Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды

ERNUR.KZ. 4 сәуірде Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 2 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында болған еді. Жергілікті тұрғын мас күйде үйге қайтып бара жатқан төрт оқушыны қағып кетті.

Екі қыз бірден Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Соңғы екі апта бойы олар жансақтау бөлімінде жатқан.

14 наурызда тоғыз жастағы науқастың жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 сәуірде сағат 21:00-де екінші қыз қайтыс болған. Марқұм сегіз жаста еді.