Алматы облысында мектеп оқушысы өзгенің көлігін айдап кетіп, мотоцикл жүргізушісін қағып кетті

0
373

20 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.


Алматы облысында мектеп оқушысы өзгенің көлігін айдап кетіп, мотоцикл жүргізушісін қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында 17 жастағы мектеп оқушысы жол апатына себепкер болды, деп жазады Stan.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, апат 25 мамырда кешке Үштөбеде болған.

"17 жастағы Audi жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен келе жатып, мотоцикл тізгенінде отырған Талдықорғанның 20 жастағы тұрғынына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 20 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Өзге құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті ведомстводан.

Белгілі болғандай, кәмелет жасқа толмаған жүргізуші мастықтың орташа деңгейінде танысының көлігіне мініп, оны айдап қайтпақшы болған.

"Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 345-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп нақтылады баспасөз қызметінен.