Ер адам Талғардағы көпірден секірген.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сыныбында оқитын жасөспірім ер азаматты өлімнен құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.
Полицияның ақпаратына сәйкес, Мирас Бейсен ер адамның Талғардағы көпірден секіргенін көріп, бірден көмекке жүгірген. Ол сол сәтте жанындағы досына дереу полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалуды тапсырып өзі ағысы қатты өзенге түсіп, ер азаматты жағаға шығарған. Артынша полиция мен жедел жәрдем де дереу оқиға орнына жеткен. Қазір бұл оқиға ҚР ҚК 105 бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тіркелген. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Жәбірленушінің аяғы сынған және бас-ми жарақатын алған.
«Әзірге оны мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз»,- деп мәлімдеді полиция қызметінен.