Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз автобуспен соқтығысты, деп жазады sputniknews.kz.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға бүгін кешкі 19.20 кезінде Екатеринбург-Алматы тас жолында болған.
"Автобус жүргізушісі сигналға қарамастан, темір жолға шыққан. Салдарынан пойыз автобуспен соқтығысты", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.