Қыздар мектепке баруы тиіс еді. Алайда оқу орнына жетпеді. Бір қыз өзімен бірге он мың теңге алыпты.
ERNUR.KZ. Алматы облысында мектепке бара жатқан екі қыз жоғалып кетті. Олардың сабаққа келмегенін ата-аналарына мұғалімдер айтқан. Бірден қыздарды іздеуге кірісті, деп жазады sputniknews.kz.
"Олардың қыдыруға кетуі тиіс емес. Талдықорғанға кетті деп те ойламаймын. Не болғанын елестете алмаймыз. Қорқып отырмыз. Қызымыздың қолында ақша болған ", - дейді бір қыздың анасы Мақпал Жүніс.
Туыстарының айтуныша, 14 жастағы Ару мен он екідегі Талшын бұған дейін жоғалмаған. Қазір телефондары сөндіріліп тұр.
Қыздардың біреуінің қалтасында 10 мың теңге болған.
"Ауыл мен жақын елдімекендегі барлық бос тұрғын үйлер, жертөлелер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ Алматы мен Талдықорған қалаларында да іздеу жұмыстары басталды. Ювенады полиция және қылмыстық іздестіру қызметкерлері жұмылдырылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Тожан Жанабек.
Жергілікті волонтерлер де қыздарды іздеп жүр.