Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кеткен

0
314

Алты адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмаған.


Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кеткен

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. ТЖМ қызметкерлері 6 адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде алты адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрағаны айтылды.

"ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты. Отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалысын жалғастыра алмағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

ТЖМ "әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлап отыруға" кеңес берді.