15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп жазады inform.kz.
Осылайша 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады.
Жағдайға мониторинг жалғасуда.
Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.