Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

0
3 574

Судьяға қатысты тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталған болатын.


Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты соталды тергеу аяқталды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сүлейменов орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырғаны үшін облыстық судьяларға беремін деп 12 миллион теңге сомасында ақша алды деп күдікке ілінген. Алайда облыстық сот Юлдашовқа айыптау үкімін шығарды. 2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық сотымен Сүлейменов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - деді Биғайдаров брифингте.

Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Антикор мәліметінше, заң қызметкері ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған.