ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.
ERNUR.KZ. Үлкен Алматы шыңына шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірімдер құтқарылды, деп жазады baq.kz.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп тауға шығып, адасып кеткен екі жас туристі тауып, төмен түсірді.
Жасөсіпірімдер – 14 және 16 жаста. Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып, өздігінен түсе алмай «112» нөміріне хабарласып, көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады, - делінген делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.