Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы көмекті оқиға куәгері көрсеткен.
фото: Скриншот видео МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының таулы аймағында зардап шеккен қызды эвакуациялады, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға Букреев шыңы ауданында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте болған.
"ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп құтқару операциясын жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жардан құлап, басынан жарақат алған және өздігінен жүре алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті оқиға куәгері көрсеткен", – деп хабарлады ведомство.
Эвакуациялау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Кейін қыз "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасына тапсырылды.


