Әлеуметтік желіге таралған видеода ескі үйлердің балконынан, қабырғасынан ұзын құбырлардың даладағы арыққа қарай бағытталып, жасалғанын көруге болады.
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының орталығы — Сарыөзекте тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды арыққа ағызған, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіге таралған видеода ескі үйлердің балконынан, қабырғасынан ұзын құбырлардың даладағы арыққа қарай бағытталып, жасалғанын көруге болады.
«Сарыөзек. Дәретхана»,- деп пікір білдереді видео авторы.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді.
«Инстаграм желісінде Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылындағы 2 қабатты үйден құбырлар арқылы сыртқа кәріз суының ағып жатқаны туралы видео тарады. Шұғыл түрде жергілікті әкімдік, аудандық полиция бөлімі, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандарынан комиссия құрылып, аталған мән-жайды тексерді. Тексеру кезінде анықталғандай, жоғарыда аталған 2 қабатты үйлер Сарыөзек ауылының Әл-Фараби көшесінде орналасқан. Жеке меншік иелігінде. Тұрғындар ешкімнің келісімінсіз тұрмыстық қалдық суларды құбыр арқылы көшедегі арыққа бағыттап, төккен. Комиссия жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған іс-әрекеттің заңсыз әрі қоршаған ортаға эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі түсіндірілді. Нәтижесінде тұрмыстық қалдық суларды негізсіз төккені үшін аталған 2 үйдің тұрғынына ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 505-бабы бойынша ескерту беріліп, трубалар алынып тасталды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.