Қазіргі уақытта уланған 10 оқушы үйлеріне оралды.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында тамақтан уланған оқушылар емделіп шықты, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта уланған 10 оқушы үйлеріне оралды.
"Балалардың денсаулығының жақсаруына байланысты және ата-аналарының өтініші бойынша балалар үйлеріне шығарылып, тұрақты мекен-жайы бойынша амбулаторлық бақылауға алынды", - деді Еңбекшіқазақ ауданы бойынша директордың ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Әлия Омарбекова.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 19 мамырында сағат 16:00-де жедел жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөліміне Бәйтерек ауылындағы орта мектептен 5 "Д" сыныбынан алдын ала "Бактериялық тағамнан улану, анықталмаған" деген диагнозбен 10 науқасты жеткізген болатын.