Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ

0
513

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.


Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ

ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі ізделіп жатыр, деп жазады inform.kz.

«Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр», - деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Кейін Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.