Алматы облысында жаңартылған сейсмостанция ашылды

0
89

Ғимаратта тәулік бойы ғылыми жұмыспен айналысуға және мамандардың тұруына қажет нәрсенің бәрі бар.


Алматы облысында жаңартылған сейсмостанция ашылды

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана

ERNUR.KZ Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Аринов Алматы облысындағы "Қастек" кешенді сейсмостанциясының жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты, деп жазады sputnik.kz.
Станция бақылаулардың дәлдігін және сейсмологиялық деректерді берудің жеделдігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиялмен жабдықталған.

Заманауи модульдік ғимаратта тәулік бойы ғылыми жұмыспен айналысып, мамандардың тұруына жағдай жасалған. Олар: кеңсе бөлмесі, демалыс бөлмелері, тұрмыстық ыдыстары бар ас үй, сондай-ақ жуынатын бөлме бар.

"1976 жылы құрылған және аттас ауылдан оңтүстікке қарай төрт шақырым жерде орналасқан" Қастек" сейсмостанциясы Солтүстік Тянь-Шаньның сейсмикалық белсенділігін бақылаудың маңызды нысаны болып табылады", - деп атап өтті ТЖМ.

Салтанатты ашылу рәсімінде ТЖМ басшысы сейсмикалық институт қызметкерлеріне станцияға қызмет көрсету және далалық зерттеулер жүргізу үшін мамандандырылған автокөліктің кілттерін табыс етті.