Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

0
365

12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.

Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.