Қыз баланың жетім екені белгілі болды.
Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Қазнетте бірнеше адамның мектеп оқушысын зорлағаны туралы ақпарат тараған. Оқиғаны олар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан. Қыз баланың жетім екені белгілі болды.
Білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры 13 қазанда құқық қорғау органдарына 2025 жылғы 21 қыркүйекте болған оқиға туралы хабарлаған. Ол жеке үйде, яғни мектеп аумағынан тыс жерде және сабақтан тыс уақытта болған.
Тергеу органдары бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау") бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.
Зардап шеккен жасөспірімге облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы 9-сынып оқушысы бала туғанын хабарлаған едік. Бұл іске қыздың әжесінің күйеуінің қатысы бар деген күдік бар. Ол қызбен туыстық қатынаста емес.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті адам анықталып, қамауға алынған. Тергеудің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.