Ол Жауғашты ауылындағы түрмеден 12 мамырда қашып шыққан.
ERNUR.KZ. Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген әйел қашып кетті, деп мәлімдеді sputnik.kz.
Ол Жауғашты ауылындағы түрмеден 12 мамырда қашып шыққан.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында, сотталған әйел мекеме аумағында ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды", - дейді ҚАЖД баспасөз қызметі.
Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады, дейді департаменттің баспасөз қызметі.