Алматы облысында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды

0
1 625

Адам өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.


Алматы облысында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен Вакил Мамедов өлі күйінде табылды, деп жазады Zakon.kz.

Редакцияға келіп түскен ақпарат бойынша, 23 жастағы жас жігіттің денесі ауыл шетінен табылған.

Алматы облысының полициясы да ақпаратты растап отыр.

- Жоғалып кеткен жігіттің денесінен зорлы-зомбылықтың іздері анықталды. Адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық өндіріс басталды. Қылмысқа қатысы бар күдікті тұтқындалып, ол Іле аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама жұмыстары да белгіленді. Қылмыстың себеп-салдары тергеу барысында анықталатын болады, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күні кеше БАҚ-та 22-ақпан күні Чапаев ауылында Вакил Мамедовтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол үйінен 20 минутқа шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Ал таңертең жігіттің туыстары үй жанынан қан іздерін байқайды. Із үйдің жертөлесіне апарған. Ол жерде суша аққан қан мен бір уыс шаш және Вакилдің құлаққаптары табылады.

Жоғалған алматылық жайында бұдан алдын хабарлаған болатынбыз. "Клочья волос и лужи крови»: Жуткая находка обнаружена после исчезновения 22-летнего парня в Алматы.