Алматы облысының судьясы тергеуге алынды – Антикор

0
1 588

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.


Алматы облысының судьясы тергеуге алынды – Антикор

ERNUR.KZ. Алматы облысының судьясы мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
"Олар салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған агенттіктің хабарламасында.
Ведомство өзге ақпаратты жариялауға заң бойынша тыйым салынатынын мәлімдеді.