Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып шықты

0
89

Маусым айында портал әлем қалаларындағы өмір сүру құнына қатысты деректерін жаңартты.


Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып шықты

фото: Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Numbeo статистикасына сәйкес, Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып тіркелді, деп жазады ulysmedia.kz.

Маусым айында портал әлем қалаларындағы өмір сүру құнына қатысты деректерін жаңартты. Бағалауда азық-түлік, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да негізгі қажеттіліктердің құны ескерілген.

Жазда ең қымбат қалалар көшін былайша түйіндеді:

  • Цюрих – 112,5 балл;
  • Женева – 111,4 балл;
  • Базель – 110,7 балл.

Қазақстан қалалары тізімнің төменгі бөлігінде тұр. Алматы – 29,4 балл, Астана – 26,5 балл жинаған.

САЛЫСТЫРУ

- Салыстырмалы түрде айтсақ, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің астаналары ішінде Алматы мен Астанадағы өмір сүру Мәскеуге қарағанда арзан. Мәскеу 230-орынға (45,2 балл) тұрақтаса, Ереван 257-орынға (41,5 балл) жайғасқан. Көрсеткіштер бойынша Қазақстанның қос астанасы көршілермен деңгейлес: Бішкек (26,8 балл), Ташкент (26,2 балл) және Минск (26,4 балл), – делінген хабарламада.

ЕҢ АРЗАН ҚАЛАЛАР

Өмір сүру ең арзан саналатын елдер – Үндістан мен Пәкістан. Ең қолжетімді ондыққа Үндістанның алты, Пәкістанның үш және Ливияның бір қаласы кірген.