Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр

0
768

Жасөспірім Алатау ауданындағы дүкендердің бірінде өлтірілген.


Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым оқырманы оқушының өлімі туралы ақпаратты айтып, редакцияға жүгінген. Оның сөзінше, жасөспірім Алатау ауданындағы дүкендердің бірінде өлтірілген. Полицейлер жақын маңдағы үй тұрғындарынан жауап алған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", - деген ведомство өкілдері.