Алматы саябағында кептерлердің қырылуына не себеп болды

0
772

Кептерлердің зертханалық сараптамаға жіберілген.


Алматы саябағында кептерлердің қырылуына не себеп болды

ERNUR.KZ. Алматы әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Панфиловшылар саябағында кептерлердің қырылуына не себеп болғанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Онлайн-брифинг барысында қала әкімінің орынбасары 28 Панфиловшы саябағында өлген кептерлердің мәселесіне тоқталып өтті.

«Кептерлердің өлу себебі туралы әртүрлі болжамдар айтылуда. Мәселен, кей мамандар олар аштан өлуі мүмкін дегенді алға тартады. Себебі бұған дейін оларды адамдар тамақтандырып келсе, саябақ жабылғалы қараусыз қалған»,– дейді Ерлан Қожағапанов. Оның айтуынша, кептерлердің дезинфекциядан зардап шегуі мүмкін емес. «Бұл саябақ 19 наурызда залалсыздандырылып, 20 наруызда жабылды. Ал құстардың өлгені туралы мәлімет 25 наурыз күні тарады. Сондықтан олардың неден өлгені түсініксіз»,– деді ол.

Қожағапанов кептерлердің қырылуының тағы бір мүмкін нұсқасын атады.

«Қыста ол жерде мұз айдыны болды. Сол күндері ол жерде демонтаж жұмыстары жасалды, соның қалдықтарын жеген кептерлер өлген болуы да мүмкін. Өйткені Алматының өзге жерлерінде өлген құстар тіркелмеді», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол кептерлердің зертханалық сараптамаға жіберілгенін айтты. Нәтижесі бүгін кешке дайын болып қалуы керек.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет кептерлердің улануы мүмкін екенін айтқан.