Алматы соты Қазақстанда "Яндекс.Таксиді" бұғаттады: Компания мәлімдеме жасады

0
384

Бұғаттау туралы ақпаратты "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова жоққа шығарды.


Алматы соты Қазақстанда

ERNUR.KZ. "Яндекс.Такси" Қазақстанда сервистің бұғатталуы туралы БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұғаттау туралы ақпаратты "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова жоққа шығарғаны хабарланды.

Портал мәліметінше, компания өкілі Алматы ауданаралық экономикалық сотының шешімі Қазақстандағы сервистің жұмысына кедергі келтірмейтінін түсіндірді.

"Біздің сервис жұмыс істеп тұр және ол жұмысын жалғастырады. Патенттік дауға келетін болсақ, компания апелляция береді", - делінген Lentа басылымында.

Бұған дейін Finance.kz Telegram-арнасында Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салып, ел аумағында қосымшаны бұғаттауға шешім жасағаны туралы хабарланған.