Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ERNUR.KZ. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдікті ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп жазады inbusiness.kz.
"Қылмыстық іс адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергелуде. Мылтық тәркіленіп, сараптамалық тексеруге жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға мотоцикл моторының жайлы жүрген малды үркіту себеп болған", - деп хабарлайды облыстық ПД.