20 желтоқсанда Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың мәйіті табылған еді.
Фото: Ершат Аязбаев
ERNUR.KZ. Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жігіттің денесі табылды, деп жазады stan.kz.
Мұны кәсіби альпинист Ершат Аязбаев жеке парақшасында мәлімдеді.
“Таудан жағымсыз хабар. Жас өмір күш-қуат пен мән іздейтін жерде қыршыннан қиылды. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мұндай қайғыны еңсеруге күш-қуат берсін. Таулар әдемі, бірақ олар қателікті кешірмейді”, – деді ол.
Төтенше жағдайлар департаменті әзірге жауап берген жоқ.
Еске салсақ, 20 желтоқсанда Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың мәйіті табылған еді. 26-сы үш жігіттің бірінің денесін тапты.


