"Алматы тазалық" мекемесінің экс-басшысына 81 миллион теңге айыппұл салынды

0
616

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


ERNUR.KZ. "Алматы тазалық" мекемесінің экс-басшысы мен жеке компания директоры сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша сотталды, деп жазады stan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында "Алматы тазалық" мекемесінің директоры Әділет Тоқтасынов пен "Қала көркейту" ЖШС жеке компаниясының директоры Байжановқа жемқорлық фактісі бойынша үкім шығарылды.

"Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 миллион теңге сомасында пара алған. Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 миллион теңге сомасында айыппұл, Байжановқа 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директоры мердігерден 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді. 2023 жылдың мамыр айында Тоқтасынов пен Байжанов 222 миллион теңгеден аспайтын сомаға көшелер мен тротуарларды күтіп ұстау қызметтерін сатып алу туралы келісімге қол қойған. 2023 жылдың желтоқсанында Тоқтасынов Байжановтан 2,7 миллион теңге көлемінде пара талап ету үшін келісімшартты ұзартпау және аяқтау актісіне қол қоймау туралы шешім қабылдаған. Ол параны 15 желтоқсанда Байжановтың көлігінде алған.

"Алматы тазалық" мекемесінің басшысы Әділет Тоқтасынов Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылған еді.