Сағат 15:03-те орталықтың сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Фото: Shutterstock
ERNUR.KZ. Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпуінің күші екі балл болды, деп жазады Stan.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, 27 қаңтарда сағат 15:03-те орталықтың сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0. Магнитудасы MPV 5,5. Тереңдігі 5 шақырым. Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша сезімталдық 2 балл болды.