Алматыда 10 жасар балаға азғындық істегісі келген күдікті ұсталды

0
400

Ер адам тұрғын үйде құрылыс жасайтын Қарақалпақстан азаматы.


Алматыда 10 жасар балаға азғындық істегісі келген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Алмасити» шағын ауданындағы тұрғын үйде құрылысшы 10 жасар баланы үйіне алдап кіргізіп, зорламақ болған, деп жазады baq.kz.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам тұрғын үйде құрылыс жасайтын Қарақалпақстан азаматы. Ол ойнап отырған бір топ балаға барып, әңгіме айтып, соңында 10 жасар балаға көмектесуін өтінген.

Ер адам балаларға түрлі сұрақ қойған, сөзге тартқан. Басқа балалар тарап жатқанда ер баланы алып қалып, көмек сұрапты. "Қоқысты төгуге көмектесші" деп үйіне кіруді сұраған. Үйге кірген кезде "белім ауырып қалды" деп баладан массаж жасап беруін өтінген. Бала арқасын уқалап жатқан кезде ер адам оны тартып, ұлдың қолын өзінің іш киіміне салған. Бақытына орай, бала айқайға басып, теуіп, қашып үлгерген, – дейді тұрғындар.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.