Жеткізуші тапсырысты ұялы телефон дүкенінен алып кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы клиенттің тапсырысын алып, белгіленген орынға жеткізбей жоғалып кеткен курьерді ұстады, деп жазады tengrinews.kz.
"Сәлемдемені тапсырыс орнына жеткізбей, жоғалып кеткен курьер ұсталды. 2002 жылы туған азамат А.-ның айтуынша, келеңсіз жағдай ұялы телефонының бұзылып қалуына байланысты болған. Курьер кеше тапсырыс берушімен хабарласып, сәлемдемені жеткізгенін айтып отыр. Объектив мән-жайды Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін тапсырыста құны 100 мың теңгелік ұялы телефон болғаны хабарланған еді. Жеткізуші тапсырысты ұялы телефон дүкенінен алып кеткен.
"Сәлемдемеде құны 100 мың теңге болатын Xiaomi ұялы телефоны бар. Ол телефонды жеткізбей, байланыссыз қашып кетті. Полицияға арыз жазылды", - деді жәбірленуші.