Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрып келген Ауғанстан азаматы анықталды

0
2 301

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жеке тұлғасын растайтын құжаттары жоқ Ресей Федерациясының азаматы да анықталған.


Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрып келген Ауғанстан азаматы анықталды

ERNUR.KZ. «Келімсек» іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият жасырынып жүрген, ол жалғыз өмір сүріп, ешкіммен байланыс жасамаған, еш жерде жұмыс істемеген. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылды.

Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов заңнаманы өрескел бұзған шетел азаматы 14 қаңтарда басталған «Келімсек» алдын алу іс-шарасы кезінде анықталғанын айтты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға бағытталған. Рейдтер кезінде шетелдіктердің болу объектілері, сондай-ақ олардың уақытша тұру орындары тексерілетінін атап өткен жөн. 4 күн ішінде көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері басқа елдердің 629 азаматын тексерді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 25 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғасын анықтау мақсатында ПД-нің қабылдап-таратуына 35 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар біздің отандастарымыздың ішінен оларды қабылдаушы 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді ол.

Полиция мәліметтері бойынша, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жеке тұлғасын растайтын құжаттары жоқ Ресей Федерациясының 1978 жылы туған азаматы анықталды және ПД-нің қабылдап-таратуына орнатылды.

Тексеру іс-шараларының нәтижесінде оның Қазақстан Республикасының аумағына 2010 жылы келгені және өзінің заңды мәртебесін әлі реттемегені анықталды. Сонымен қатар осы күндері Қазақстан Республикасының аумағында екі жылдан және бес жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматы анықталды. Бұл фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда, – деді Асхат Бутунчинов.