Алматыда 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды

0
474

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Алматыда 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды

ERNUR.KZ. 37 жастағы алматылық азамат өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Суицид жасамақ болған азаматты Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары аман алып қалды.

«Сағат 17:00 шамасында «102» пультіне тқрғын үйлердің бірінің 11-қабатындағы терезеде ер адамның отырғаны және өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы хабарлама келіп түсті. Осындай хабарды алғаннан кейін, серіктесім, полиция қызметкері Азамат Дүйсенбек екеуміз аталған үйге жеттік. Осы кезде «Буран-052» патрульдік экипажы да келді. Абырой болғанда пәтердің есігі құлыпталмаған: терезеде отырған адамды шошытып алмас үшін сыртқы есікті білдірмей аштық. Мен байқатпай кірдім, оны ұстап алып, бөлмеге қарай сүйредім. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың жасы – 37-де. Оның жағдайы нашар болды. Ол өз әрекетінің себебі туралы нақты ештеңе айтпады. Медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін оқиға орнына дәрігерлер бригадасы шақырылды», – дейді Алмалы аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ерасыл Бұхаров.

Қазіргі уақытта полицейлер бұл іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.