Алматыда ағайынды екі жігіт бірнеше пәтер тонады деген күдікпен ұсталды

0
663

Әзірге күдіктілердің 12 қылмысқа қатысы бары дәлелденді.


Алматыда ағайынды екі жігіт бірнеше пәтер тонады деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Күдіктілер – 41 және 34 жастағы ағайынды бауырлар. Олар негізінен Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ағайынды жігіттер күндіз домофон қоңырауына ешкім жауап бермеген пәтерлерді, кешке шамы сөндірулі тұрған үйлерді тонаған. Олар тек ақша, әйелдердің күзен тонын, алтыннан жасалған бұйымдар, бас киімдер, ноутбуктер, сөмкелер және басқа да көлемді емес, бірақ құнды тұрмыстық заттарды ұрлайтын болған», – деді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Тергеу барысында ұсталған азаматтардың осыған ұқсас 12 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Айғақ заттар тәркіленіп, күдіктілердің Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.