​Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

0
220

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.


​Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп жазады inform.kz.

Полициядан мәлім еткендей, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.

– Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Күдіктілер 10 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлады полициядан.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осыған дейін жетісулық блогердің кәсіпкерден ақша бопсалағаны туралы жазған едік.