Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары мен полиция қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді табуды жалғастыруда.
ERNUR.KZ. Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін оқ-дәрілер мен қару-жарақтар әлі де табылуда, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары мен полиция қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді табуды жалғастыруда.
«Асқаров көшесінің бойынан жергілікті тұрғын екі жарықшулы граната тауып алды. Сайран көлінің маңынан газ-травматикалық тапанша табылды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Осыдан соң гранаталар мен тапаншаның кімге тиесілі екені анықталатын болады»,- деді полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер жасырылған жерді тауып алған болатын.
Сондай-ақ, қару-жарақ арсеналы Алматыда мемлекеттік мұражайдың жанынан табылған еді.
Бұдан бөлек, Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылғанын жазғанбыз.