Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмды

0
441

Тағы 16 жолаушы зардап шекті.


Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда автобус дүкенге соғылды. Салдарынан бір адам көз жұмып, 16 адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 26 маусымда сағат 14:20-да Алмалы ауданында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, 18-ші автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобус жолдағы дүңгіршекке соғылды", - делінген хабарламада.
Қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушы сол жерде көз жұмды.
Қазір тергеу басталып, сараптамалар жасалып жатыр.