Алматыдағы автобустардың бірінде жағымсыз жағдайға куә болған жасөспірім қыздардың бірінің туысы оқиға туралы әлеуметік желіде айтып берді.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыдағы автобустардың бірінде егде жастағы ер адамның оғаш қылығы видеоға түсірілді, деп жазады tengrinews.kz.
Мән-жайы
Алматыдағы автобустардың бірінде жағымсыз жағдайға куә болған жасөспірім қыздардың бірінің туысы оқиға туралы әлеуметік желіде айтып берді.
Сескенген жасөспірімдер жағдайды видеоға түсіріп, үйге келген соң туыстарына көрсеткен. Кадрлардан ер адамның сөмкені бүркеніп, өзін-өзі қанағаттандырғанын көруге болады.
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті осы факт бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Ер адамның жеке басы анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр. Қоғамдық орындардағы мұндай қылықтар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады, айналасындағылардың ар-намысына тиеді және қалада мүлде жол берілмейді", – деп түсіндірді полиция өкілдері.