Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

0
113

Оның ішінде екі адам болған.


Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Сурет: Zakon.kz.

ERNUR.KZ. Бүгін, 2026 жылғы 8 қыркүйек күні таңертең Алматыда автокранның қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады zakon.kz.

Апат таңғы сағат 6:00 шамасында Шығыс айналма жолында, Нұрмағамбетов көшесіне жетпей болған.

Куәгерлердің айтуынша, МАЗ автокраны жүк көтеру жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс алаңына келген. Көлік нысан аумағында тоқтаған.

Оның ішінде екі адам болған. Екеуі де көліктен түсіп, жұмыстың басталуын күтіп, сыртта тұрған.

Бір уақытта МАЗ төмен қарай өздігінен жүріп кеткен. Жүргізуші мен оның серігі көлікті тоқтатуға тырысып, кабинаға қайта мінбек болған. Алайда, шамасы, олар мұны істей алмаған. Олардың біреуі көліктен соңына дейін ұстап тұрып, онымен бірге таудан құлаған.

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 17:02

Сурет: Zakon.kz.

Жол бойында автокран бетон қоршауды және жолдың бетон бөгетін қиратып, баспалдақ маңындағы қоршауды соққан. Кейін көліктің кабинасы тротуарға қадалып қалған. Абырой болғанда, сол сәтте ол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер болмаған.

Олардың біреуі көліктен соңына дейін ұстап тұрып, онымен бірге таудан құлаған. , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 17:02

Сурет: Zakon.kz.

Апат салдарынан бір адам зардап шекті. Ол техниканы тоқтатуға соңына дейін әрекет жасаған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен адам – автокранның жүргізушісі. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам аяғын сындырған. Ол ауруханаға жеткізілді.