Алматыда балалар арасындағы көкжөтел ауруы 20 пайызға артқан

0
674

Басқарма басшысы Алматыда тырысқақ, іш сүзегі, қызамық, дифтерия, сібір жарасы және қышыма аурулары тіркелмегенін атап өтті.


Алматыда балалар арасындағы көкжөтел ауруы 20 пайызға артқан

ERNUR.KZ Алматыда балалар арасындағы көкжөтел ауруына шалдығу көрсеткіші 20 пайызға артқан, деп жазады Stan.kz

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, қалада 2024 жылдың бес айында 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында көкжөтел инфекциясының расталған 62 жағдайы тіркелген.

Басқарма басшысы Алматыда тырысқақ, іш сүзегі, қызамық, дифтерия, сібір жарасы және қышыма аурулары тіркелмегенін атап өтті. Алайда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қалада көкжөтел ауруына шалдығу көрсеткіші 20,1% өскені байқалады.




Сондай-ақ, жыл басынан бері Алматыда қызылшамен ауырған 3170 жағдай тіркелсе, оның 1948 жағдайы14 жасқа дейінгі балалар, 140 жасөспірім, 1082 ересектер болған. Соңғы 24 сағат ішінде расталған бір жағдай тіркеліпті.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алматыда қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.