Алматыда бейбіт митинг өткізу орындары өзгеруі мүмкін

0
597

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған.


Алматыда бейбіт митинг өткізу орындары өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қаласы әкімдігі қалалық мәслихаттың шешімімен қалада бейбіт митингтер өткізу орындарын өзгертуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған.
Құжатта бейбіт шерулерге арналған аймақты Шоқан Уәлиханов атындағы скверден (1000 адамға арналған) Амангелді Иманов атындағы скверге (500 адамға арналған) көшіру ұсынылған.
Сондай-ақ Шевченко көшесімен өтетін қолданыстағы шеру маршруты Гагарин даңғылы мен Мұқанов көшесі арасындағы Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа маршрутқа ауыстыру көзделген.
Сонымен қатар, "Сары-Арқа" кинотеатрының артындағы алаң сыйымдылығын 500-ден 1000 адамға дейін өзгерту ұсынылды.
Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.