Отшашудың видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.
ERNUR.KZ. Белгісіз біреулер Алматыдағы кафелердің бірінің алдында отшашу атқан, деп жазады Tengrinews.kz.
Отшашудың видеосы Instagram желісіндегі @kpis_p_almaty парақшасында пайда болды.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары салют ұйымдастырғандардың аты-жөнін анықтаумен айналысып жатыр.
"Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұл материалды өндіріске қабылдады. Қазір тксеру шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер фейерверк-шоу ұйымдастырушыларын анықтап, оларды міндетті түрде жауапкершілікке тартады", - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.