Оқиғаның видеосы egov.press Telegram-арнасында жарияланды.
ERNUR.KZ. Алматыда халық көп жиналатын Арбат саябағында белгісіз біреулер адамдарға көз ашытатын өткір иісті баллон шашқан, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиғаның видеосы egov.press Telegram-арнасында жарияланды.
Бейнержазбадан адамдардың беттерін тұмшалап жабуға тырысып жатқанын көруге болады.
Қалалық Полиция департаменті аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.
"Қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.