Жүргізушілердің біреуін алып шығу үшін көлікті кесуге тура келген
ERNUR.KZ. Алматыда Audi Q7 және Toyota Camry көліктері соқтығысты, деп жазады sputniknews.
Жол апаты Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Көліктердің бірі, Audi, аударылып, екіншісі тротуарға шығып кетті. Жеті адам зардап шеккен, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Audi көлігінің алдына басқа бір белгісіз көлік атып шығып, солға бұрылған екен. Жүргізуші соққының алдын аламын деп қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде Toyota Camry көлігін қағыпты.