Нәрестеге коронавирустың "Дельта" штаммын жұқтырған.
ERNUR.KZ. Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифингте айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Өкінішке қарай, балалар арасында коронавирустан өлім-жітім дерегі көбейіп барады. Бүгінде ауруханада 195 науқас бала жатыр. Ал, үйде - 2540 бала. Екі-үш ай бұрын, "ұлыбританиялық" штамм болған кезде, бұл көктемде болатын, ауруханаларда 30-40 баладан аспайтын. Ең көп жағдай бір апта бұрын болды - 245 бала. Өкінішке қарай, бір өлім жағдайы расталды. "Дельта" штамынан бір айлық нәресте қайтыс болды. Бұл бір ай бұрын болды. Бұл штамм өте қауіпті. Балаларымызға қауіп төніп тұр", - деді Нариман Табынбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда карантин тағы екі аптаға ұзартылғаны хабарланған еді. Бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.