Алматыда бір мезетте 7 мың адам құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр

0
722

Мешіттің құрылыс жұмысын осы жылдың желтоқсан айында бітіру жоспарланған.


Алматыда бір мезетте 7 мың адам құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапарында Алатау ауданында салынып жатқан жаңа зәулім мешіттің құрылысымен танысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бас мүфти жаңа мешіттің қазақы нақышта салынуына назар аударды. Сонымен қатар жамағатқа қолайлы көлік тұрағының болуына көңіл бөлді.

Айта кетсек, Алатау ауданында бой көтеріп жатқан құлшылық үйінде бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алады. Мешіттің құрылыс жұмысын осы жылдың желтоқсан айында бітіру жоспарланған.

Ғимараттың жалпы алаңы – 16 мың шаршы метр. Архитектуралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады.




Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ, шеберхана мен дүкендер кіреді.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің құрылысымен танысқан соң Алматы қаласының жаңадан тағайындалған бас имамы Төлеби Оспанға нақты тапсырмалар берді.