Алматыда блогер Гусейн Гасанов қатысқан сауық кеші тексеріліп жатыр

0
531

Бұған дейін Independ.kz порталы Гусейн Гасанов қаладағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде болғанын хабарлаған еді.


Алматыда блогер Гусейн Гасанов қатысқан сауық кеші тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда танымал ресейлік блогер Гусейн Гасанов қатысқан сауық кешіне байланысты тексеру жүріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы қаласы "қызыл" аймақта тұр. Эпидемиологиялық ахуал шиеленісіп тұр. Ұйымдар мен мекемелердің жұмысына енгізілетін шектеулер эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады және бәрі оны орындауы тиіс. Танымал ресейлік блогер Гусейн Гасанов қатысқан кешке қатысты департамент тексеру жүргізеді. Нәтижесінде аталған тұлғаларды және шараны ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады", - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұған дейін Independ.kz порталы Гусейн Гасанов қаладағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде болғанын хабарлаған еді. Мониторинг тобы блогер және басқа да адамдардың үстінен түскен болатын.


Одан бөлек, кеше, 28 шілдеде Алматыда полицейлер ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың көлігіне жол ашып жүргені хабарланған болатын. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Қалалық жол-патрульдік полициясы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.

Бастапқыда бұл бейнежазба белгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың Instagram-парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары патрульдік көлік блогердің көлігіне арнайы жол ашып жүргеніне таңғалған. Ал Алматы полициясының өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.