Алматыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны сабақ кезінде ұрып-соқты деп айыпталды

0
737

Оқушы өзінің желідегі парақшасында ұрып-соққаннан кейін қабырғалары мен іші қатты ауырғанын айтты.


Алматыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны сабақ кезінде ұрып-соқты деп айыпталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында білім алатын 6-сынып оқушысын дене шынықтыру сабағында мұғалімі ұрып-соққан, деп жазады stan.kz.

Оқушы өзінің желідегі парақшасында ұрып-соққаннан кейін қабырғалары мен іші қатты ауырғанын айтты.

"Ол мені қабырғамнан ұрды. Міне, төртінші күн болды. Әлі барлық қабырғам, ішім ауырып жатыр. Ол мені ұрған кезде “Біреуге айтсаң, "шапалақ" беремін” деді. Бұдан бөлек, ол сыныптастарыма қиянат көрсетеді. Формамызды алып кетпесек, қолымызды қайырып, қорқытады. Қазір мектепке баруға қорқамын. Бара қалсам, маған зияны тиіп кете ме деп ойлаймын", – деді оқушы.

Полиция аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды. ҚР заңнамасына сай шаралар қабылданады", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.