Мұны депутаттың өзі әлеуметтік желілерде жазды.
ERNUR.KZ. Депутат Бақытжан Базарбектің баласының арбасын әлдекімдер өртеп кеткен, деп жазады stan.kz.
Мұны депутаттың өзі әлеуметтік желілерде жазды. Балалар арбасы пәтердің алдында тұрған.
Оның айтуынша, оған біреулер Парламентте жаңа Қазақстанды құруға болмайтынын еске салып, қоқан-лоқы көрсетуде.
"Алматыдағы пәтеріміздің алдында тұрған арбамызды өртеп жіберген. Шамасы, маған Парламентте жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес екенін еске салғысы келеді!" – деді Бақытжан Базарбек.